Астанада көлік пен гараждың шатыры өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада гараждың шатыры мен көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 13-58-дер шамасында өрт сөндіру қызметіне Астанадағы Алматы ауданында, Сарқан көшесі 35-ші үйдің аумағындағы гараждың шатыры мен Ауди маркілі көлігі өртенгендігі туралы хабар келіп түсті»,-деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның сөзінше, жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 14-23-тер шамасында ауыздықталды.

«Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 25 адам мен 5 техника жұмылдырылды»,-деп нақтылады Руслан Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар