Астанада қоқыс жәшіктері жер астына орнатыла бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қоқыс жәшіктері жер астына орнатыла бастады. Мұндай жаңашылдықты Сарыарқа ауданының басшылығы енгізіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.



Жаңа жәшіктер орынды аз алады. Құрылғылар Финляндия елінде шығарылған. Оның әрқайысысы шамамен 1 млн теңге тұрады. Мәлім етілгендей, әкімдік тарапынан қаржы бөлінген жоқ. Бүкіл шығынды дистрибьютор компания көтерген. Әзірге мұндай жәшіктер тек екі тұрғын үйдің маңында орнатылды. Егер бұл пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, Астананың басқа ғимараттарының жанында да заман талабына сай қоқыс жинайтын контейнерлер пайда болады.

«Жер астына қоқыс контейнерлерін орналастырып жатырмыз. Пилоттық жоба бойынша 2 мекенжайға орналастырылды. Ол 4-5 есе аз орын алады. Далада жүрген ит-мысық, жел салдарынан қоқыс ауланы ластамайды. Неше түрлі иістер болмайды», - дейді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков.

Соңғы жаңалықтар