Астанада көктайғаққа байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада көктайғаққа байланысты қала маңындағы кенттерге қатынайтын бірнеше қоғамдық көлік тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Астана LRT компаниясының Фейсбуктегі парақшасында жазылған.

«Ауа райына байланысты (қатты көктайғақ) қала шетіне жүретін 300, 308, 309, 310, 315, 316-шы бағдарлар тоқтатылды. Кешірім өтінеміз» - делінген хабарламада.

Астана LRT баспасөз қызметі ертең таңертең аталмыш автобустар жүретіні немесе жүрмейтіні туралы қосымша хабарланатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар