Астанада көкөністі шалшық суда жуған сатушы жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада апта сайын демалыс күндері ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Бүгінгі оқиға Сауран көшесіндегі жәрмеңкеде болған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, таңертең Астананың сол жағалауында су құбыры жарылып , бірқатар көшелердің тұрғындары сусыз қалды.   Сауран көшесінің бір бөлігін жауып тастауға тура келді. Себебі су көшеге жайылып кетті. Есіл аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы алдындағы жәрмеңкеге де судың астында қалды. Дәл сол жәрмеңкеде сатушылардың бірі өзі сатып тұрған көкөністерді шалшық суға жуған. Оны Алина Ли Гельванд есімді қала тұрғыны видеоға түсіріп алды.
Әкімдіктің баспасөз xатшысы Эльвира Жөргенбаеваның айтуынша, жергілікті билік өкілдері ол сатушыны бірден тауып алды. «Оның барлық тауарлары тәркіленді. Енді ол сатушы жәрмеңкеге қатыспайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет оған айыппұл салды», - дейді Жөргенбаева.

Соңғы жаңалықтар