Астанада қоғамдық көліктер жолағындағы жылдамдық шектелуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қоғамдық көліктер жүретін жолақта жылдамдық төмендетіліп жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта қала көшелерінде қоғамдық көліктерге арналған жолақтарда тиісті бағыттағы жолға бұрылу кезінде автобустар мен жеңіл автокөліктердің соқтығысуы жиілеп кетті. Астана қалалық ІІД Əкімшілік полициясы апаттық жағдайларды азайту үшін қоғамдық көліктерге арналған жолақтарда жылдамдықты сағатына 40 шақырыммен жүретін участоктарды белгіледі" - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Осыған байланысты қоғамдық көліктерге арналған жолдардың белгіленген аумақтарында жолды 3.24 (максималды жылдамдықты шектеу) жəне 7.14 (қозғалыс жолағы) жол белгілері реттейтін болады. Қазіргі уақытта жылдамдықты шектеуге арналған жол белгісі Тұран даңғылында орнатылған.
null 

Сонымен қатар, Астана ІІД өту мүмкіндігін жоғарылату үшін кейбір жолдарда жылдамдықты арттыруды қарастыруда.

Соңғы жаңалықтар