Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құнын 150 теңгеге көтеру ұсынылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астана қаласының № 3 автопаркінің басшысы Бауыржан Тілеубергенов қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің тарифін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы ол автопаркке пресс-турға келген тілшілермен кездесу барысында айтты.

«Тарифті міндетті түрде көтеру керек. Қазіргі уақытта дизельдік отынның бағасы өсіп барады. Бұл жағдай біздің кәсіпорынға әсер етері сөзсіз. Оның үстіне жыл сайын ауыстыруды талап ететін автошина, аккумулятор секілді барлық қосымша саймандардың бағасы қамбаттап жатыр», - дейді Бауыржан Тілеубергенов.

Оның айтуынша, тарифті көтеру арқылы автопаркте еңбек ететін жұмысшылардың еңбекақысын өсіруге мүмкіндік бар.

«Бұны жеке мүддемізді қорғау үшін сұрап тұрғаным жоқ. Ең алдымен, жүргізушілер мен кондуктарлардың жағдайын ойлап отырмын», - дейді ол.

Сондай-ақ, Тілеубергенов қалалық әкімдік автопарктің ұсынысын қолдаса, тарифтің шамамен қанша болатынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта Алматыда жол ақы құны қалай өзгеріп жатқанын білесіздер. Ол жақта карточка бойынша жол ақысы 80, ал қолма-қол 120 теңге тұрады. Меніңше, карточка бойынша бізде 90 теңгелік тарифті қалдыру керек. Осылайша, жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін дамытуға болады. Ал қолма-қол ақшаны 150 теңге еткен жөн. Егер осындай баға болған жағдайда, экспресс автобустарда жол ақысы 200 теңге тұратын болады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар