Астанада қоғамдық кеңістіктің 50 аймағы салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол инфрақұрылымын дамыту аясында 50 нысанның құрылысы ескеріліп отыр. Бұл туралы бүгін елордада «Астана қаласының көлік кешенінің даму үрдісі» атты конференцияда қала әкімі Әсет Исекешев.

«Алдағы жылы қоғамдық кеңістіктің 50 аймағы құрылысының бағдарламасын іске қосуды  жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта 17 саябақ, өзен жағалауларында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер үшін арнайы аймақтар ашылып, велосипед жолдарының қашықтығын ұзарту көзделіп отыр. Сонымен қатар жақын арада қалада 25 жолдың, 6 көпірдің, 19 көлік жол айрықтары мен өтпелердің құрылысы мен қайта салу шаралары жоспарда бар. Осы ретте жалпы инфрақұрылымның 50 нысанын қамту ескерілген», - деді қала әкімі.

Конференция барысында  тұңғыш рет ASTRA көліктік басқару компаниясының жаңа форматы таныстырылады. Ол LTA (Land Transport Authority) - Сингапур, ATM (Azienda Trasporti Milanesi) - Милан, RTA (RoadsandTransportAuthority) - Дубай және осы секілді өзге де компаниялардың қызметіне ұқсас болмақ.

Шара аясында 10-нан аса елдің жетекші сарапшылары мен көлік холдингтерінің басшылары көлік саласындағы стратегиялық жоспарлау қағидаларын, жеңіл рельсті көліктің құрылыс технологияларын, жол ақысын электронды төлеуді енгізудің әлемдік тәжірибесін, ақылды автотұрақты жасаудың, жылжымалы құрамның жаңаруын, оқушылар тасымалын және қалалық такси қызметінің дамуын талқыламақ.

Соңғы жаңалықтар