Астанада кішкентай Айкүнімнің еміне қаражат жинау үшін қайырымдылық концерті өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 мамыр күні Астанада «Қазмедиа» орталығында 4 жасар Айкүнімнің еміне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық концерт өиеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айкүнім лейкемияға щалдыққан. Диагнозды оған шетелдік дәрігерлер қойыпты және ем-домына 210 мың АҚШ долларын сұратқан.

«Қызымыздың емдеуге ай сайын бізде 25 мың доллар кетеді. Біздің басымызда баспанада жоқ, сондықтан халықтан көмек сұрап отырмыз. Осы аралықта біз 100 мың АҚШ долларын жинап үлгердік, концерт қалған соманы толық жинап бере алмасы анық, бірақ қомақты қаржы жиналса, ол да үлкен көмек болар еді», - дейді Айкүнімнің анасы.

Оның сөзінше, жалпы осындай 10 шара өткізу жоспарда бар.

«Бірінші концертті біз Конгерсс-холлда 16 мамырда өткіздік, ол бізге шамамен 5,3 мың доллар жинауға мүмкіндік берді. Концерттен бөлек, түрлі жәрмеңкелер өткіземіз, өзге де шаралар ұйымдастырылып жатыр. Егер әрбір шара 1 000 немесе 5 000 АҚШ долларын түсіретін болса, қажетті сома бір айда жиналып қалар еді», - деп үміттенеді ол.

Оның сөзінше, Астана жұртын концерттерге тарту өте қиын. Билет пен афишаларды өз қаражатына басып шығару керек. Ол да қыруар ақша тұрады. Қаражат аздық еткендіктен, Айкүнімнің ата-анасы концертті афишалар жабыстыру және әлеуметтік желілердегі хабарландырулар арқылы жарнамалайды.

«Афишаларды мен баламен бірге таңғы 4-ке дейін жабыстырамын, себебі әкеміз шетелдегі ауруханада Айкүнімнің жанында жатыр. Бізге еріктілер көмектеседі. Сонымен қатар біз тағы бір қиындыққа тап болдық, 1 600 билет кассада екі аптадан бері жатыр, әлеуметтік желілерде белсенді жарнамалап жатсақ та, осы күнге дейін сатылғаны - 2 билет. 16 мамырдағы концерттің басталуына екі күн қалғанда, біз барлық мектептерді, емханаларды аралап шықтық. Осы екі күнде 1 200 билет саттық», - дейді ол.

Қамкөңіл ананың сөзінше, әлеуметтік желілердегі алаяқтардың көптігінен адамдар шын қиналған адамдарға сене бермейді.

«Мен баламның қандай ауруға шалдыққанын айтып, көзіме жас алған кезімде ғана бір нәтиже болады. әлеуметтік желілердегі хабарламаларымызға адамдар көңіл бөлмейді, себебі алаяқтар көп болып кеткен, адамдарда сенім жоқ», - дейді Айкүнімнің анасы.  

Кішкентай бүлдіршіннің анасы өзгенің қайғысына ортақтасып, көмек қолын созған жандарға алғысын білдірді. Оның ішінде «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Карин де бар. Ол Айкүнімнің еміне қажетті қаражатты жинау үшін концерт ұйымдастыруға көмектесіп қана қоймай, өзінің Фейсбуктегі парақшасында шара жөнінде хабарлама таратты. 

 «Ерлан Карин қазақстандық эстрада жұлдыздарын аталмыш концертте өнер көрсетуге шақырды. Ол тіпті әншілерге хабарласуға көмектесіп, көптеген әртісті тартқан адамды берді», - деп атап өтті ол.

Концерт 30 мамырда «Казмедиа» орталығында 19.00 сағатта басталады.  Барлық сауалдар бойынша Айкүнімнің анасына мына телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 8 702 260 5317.

Соңғы жаңалықтар