Астанада кезекті түрме форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы бейсенбі, ақпанның 23-і күні, Бас прокурор Жақып Асановтың қатысуымен түрме реформасына арналған IV форум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Аталған шара барысында 2013-2016 жылдары атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар бірінші форумда ұсынылған "Түрмедегілердің санын азайтудың 10 қадамы" жобасы, 2017 жылда түрмедегілерді жұмыспен қамту және ресоциализация жобалары талқыланады", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

Форумның серіктестері мен ұйымдастырушылары - ҚР Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, Қазақстандағы Еуразиялық одақ өкілеттілігі, Еуразиялық одақтың қылмыстық сот төрелігін жетілдіру жобасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар кеңсесі.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Мұрат Жұманбай Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты құрылған тергеу комиссиясының құрамын да жариялады .  Оның айтуынша, ағымдағы аптада бес бірдей министр есеп беред і.  Ал Сенатта бизнес мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауөтеді.

Бүгіннен бастап Орталық коммуникациялар қызметіндегі апталық брифингтер жаңа форматта өтетін болды . 

Соңғы жаңалықтар