Астанада Кенан Имирзалыоғлу басты рольді сомдайтын «Ұзын хикая» фильмі көрсетіледі

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Астанада Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толуына орай, 22 сәуір күні танымал түрік актері Кенан Имирзалыоғлу басты рольді сомдайтын «Ұзын хикая» фильмі көрсетіледі.

Аталған шараны Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырып отыр.

Фильм 1940 жылдары Болгариядан Ыстанбұлға көшіп келген Булгариялы Алидің хикаясы төңірегінде өрбиді. Ол Мүнире (Туче Казаз) есімді қызға ғашық болып, екеуі үйленеді. Әділеттілік пен теңдікті ту етіп ұстанатын Али мен Мүниренің және ұлдары Мұстафаның өмірлері теміржол бойында өтеді. Қоныс тепкен жерлерінің барлығында оларды тосын хикаялар күтуде...

Фильм түрік тілінде (орысша субтитрмен) көрсетіледі. Кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар