Астанада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздарының фотокөрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Керуен» ойын-сауық орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары туралы «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Наурыз айының 17-нен басталған көрме «Керуен» ойын-сауда орталығында 4 күн бойы жалғасатын болады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы іс-шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеде аталған жобадағы жеңімпаздардың суреттері мен олардың еңбегі жайлы мәлімет көрсетілген.
null 

«Наурыз мейрамы қарсаңында қазақстандықтарға осындай бір сый жасағымыз келді. Себебі, Ұлыстың ұлы күні еліміздің әр түкпірінен отандастарымыз келеді. Дәл сол тұста осы көрмеде бірі көршісін, бірі туысын көріп қалса, әлбетте, бұл оларға керемет көңіл-күй сыйлар деген сенімдеміз. Жүз жаңа есімнің жеңімпаздары басқа елден келген батырлар емес - өзіміздің арамызда жүрген тұлғалар», - дейді «Қазақстан 100 жаңа есімі» жобасының өкілі Махаббат Есен.
null 

Аталған фотокөрмедегі суреттер 2017 жылдың 1 желтоқсанында жоба жеңімпаздарының басын біріктірген форумда, Елбасының жоба жеңімпаздарымен кездесуі барысында көрсетілген болатын.

Айта кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша халыққа кеңінен танылмаған, алайда белгілі бір салада айтулы жетістікке жеткен азаматтардың еңбегін дәріптеу мақсатында жүзеге асырылған. Бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен әр түрлі саладағы мамандар қатысып, ең мықты деп танылған 100 адам ашық онлайн дауыс беру арқылы іріктеліп алынған болатын.

null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар