Астанада Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған көрме өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктегі ІІД-де Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толу мерекесі аясында «Полицейлер династиясы» тақырыбында фотокөрме өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Шараға М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақмола колледжінің және Астана қаласы көпсалалы колледжінің 100-ден астам студенті шақырылды. Сондай-ақ оған департамент басшылығы, Ардагерлер кеңесі мен жеке құрамы қатысты.
null

Шараның мақсаты - студенттерді полицейлер династиясы тарихымен және қол жеткізген жетістіктерімен таныстыра отырып, олардың полиция қызметіне қызығушылығын ояту.
Полицейлер династиясы - Отанға қызмет жасау дәстүрін жалғастырушы отбасылар. Бұл отбасылар әрқашан әулеттің абыройы мен жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі ата-бабаларының өмірлік ұстанымдарын жадында берік сақтаған және осы құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеген отбасылар. Бүгінде, департамент пен оның желілік бөліністерінде ішкі істер органдарындағы қызметке өмір жолын арнаған 30-дан аса династия өкілдері қызмет атқарады. Мәселен, Магомедовтер отбасының төрт өкілінің ІІО қызметіндегі барлық қызмет өтілі 1 ғасырдан аса уақытты құрайды.

Жиынды ашқан Көліктегі ІІД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков полиция династиясының мақсаты қылмыстық істерді тергеу мен ашу, қылмыскерлерді құрықтау ғана емес, сонымен бірге бұл - ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты сіңіру екендігін айтты.
null

Полиция династиясының бір өкілі Бейімбет Мұқашевтың айтуынша, династия түсінігінде ар-намыс, қызметке адалдық, балалық шақтан қалыптасатын мамандыққа деген құрмет жатыр. Отбасылық дәстүрлердің сақталуы жас ұрпақ бойындағы патриоттық және ар-намыс құндылықтарын дамытуға өз септігін тигізеді.

Аталған шара барысында тәртіп сақшылары өздерінің кәсіби шеберліктерімен бөлісті. Сондай-ақ олар жиналғандардың түрлі мазмұндағы сұрақтарына жауап берді.
null

Студенттер назарына Қазақстан көлік полициясысының 30-дан аса династиясының фотосуреттері қойылды. Сондай-ақ фотокөрме аясында студенттер департамент мұражайында болып, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есбол Шәймерденов шағын экскурсия ұйымдастырып, оларға мұражайда қойылған әрбір экспонат туралы және олардың пайда болу тарихы туралы қызықты әңгімелер айтып берді.

Осыдан кейін барлық жас қонақтарға профилактикалық сипаттағы буклеттер мен жадынамалар таратылды.
null

Соңғы жаңалықтар