Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -27 °С
Алматы: -12 °С
USD 327.10 EUR 400.53
RUB 5.78 CNY 50.84
Жаңалықтар

Астанада Қазақстан күрес федерациясының отырысы өтті

2017 жылғы 14 қыркүйек 15:26 1390
Поделиться:
Астанада Қазақстан күрес федерациясының отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Астанада Қазақстан күрес федерациясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға федерацияның вице президенті Данияр Абулгазин, грек-рим күресі бойынша вице президент Дәулет Тұрлыханов, халықаралық қатынастар және қоғаммен байланыс жөніндегі вице президент Сәкен Мұсайбеков және төрешілер корпусы мен бапкерлер кеңесі жөніндегі вице президент Ерлан Қожасбай қатысты.

Жиында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ұлттық құрама бапкерлерінің есебі тыңдалды. Жаттықтырушылар Парижде өткен әлем чемпионатындағы нәтижесі бойынша есеп берді.

Отырыста бапкерлерге күресті дамыту, жаттықтырушылар жұмысының сапасын көтеру міндеті жүктелді.

Сондай-ақ, отырыста елдегі қала, аудандарда күрес залын ашып, оларды кілеммен қамтасыз ету туралы шешім қабылданды. Ал төрешілер жұмысын жақсарту үшін оларға тренинг, семинарлар өткізу туралы айтылды.

Күрестен Қазақстан құрамасы алдағы уақытта түрлі халықаралық жарыстарға қатысады. Соның бірі - 17 қыркүйекте Ашхабадта басталатын жабық алаңдағы Азия ойындары. Ал келер жылғы басты дода Индонезияда өтетін Азия ойындары болмақ.

 

 


Басты сөздер: Астана, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат