Астанада қайырымдылық жәшігін ұрлаған адам іздестіріліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың тәртіп сақшылары қайырымдылық көмек үшін қойылған ақша толы жәшікті ұрлап кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға 27 желтоқсан күні сағат 08.00-дер шамасында Жеңіс даңғылы бойындағы «Дастархан» асханасында болған. Белгісіз ер адам ғимараттың ішінде тұрған қайырымдылық мақсаттағы ақшаны алып із суытқан. Күдіктінің бейнесі ғимараттағы бақылау камерасына түсіп қалды.

Қазір полицейлер ұрыны іздестіру үстінде. Астана ІІД қызметкерлері бейнекамераға түскен адамды танитындар болса Сарыарқа аудандық ІІБ-іне 8 (7172)71-66-36, 71-66-34, 71-66-10, ұялы. тел. 8-775-400-04-28 нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар