Астанада қай жерде жұмысқа орналасуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастырушылар - жұмыспен қамту орталығы мамандарының сөзінше, мұндай шаралардан кейін кем дегенде 100 адам еңбекпен қамтылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Осымен жетінші рет ұйымдастырылған жәрмеңкеге «Жастар» сарайы алдында басталмай жатып, ұзынсонар кезек қалыптасты. Жұмыс іздеушілер қатарында енді ғана оқуын тәмамдаған жас мамандар мен әртүрлі себептерге байланысты жұмыссыз қалған мамандар бар. 

Білім, денсаулық сақтау, құрылыс салалары, қонақ үй қызметі, автопарк және полиция 60-қа жуық жұмыс беруші барлығы мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.  Жұмыс іздеушілердің ыңғайлылығы үшін мекеме-кәсіпорындар  бос жұмыс орындарының тізімін жасаған.

Жұмыс берушілердің қатарында бұл жолы тек шағын және орта мекемелер ғана емес, сонымен қатар қазақстандық нарықтағы ірі мекеме-ұйымдар болды. Мысалы, бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде екінші деңгейлі ірі банктердің бірі, әлемдік аты бар төрт жұлдызды отель, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі мен халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандар іздестіруде.

Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жыл басынен бері осы күнге дейін еңбекпен қамтуға көмек сұрап 9242 адам өтінген. Оның 6 мыңы (62%) жұмыссыздықтан қорғау әлеуметтік шараларымен қамтылған. 3547 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар