Астанада қарсы жолаққа шыққан автобус жүргізушілеріне сот үкімі шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жолда жүру ережесін өрескел бұзған қоғамдық көлік жүргізушілері жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар жолдың қарсы бетіндегі жолаққа шығып кеткен.

«Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаменті жолда жүру ережесін өрескел бұзған үш қоғамдық көлік жүргізушісін анықтады. Олар: №35 бағыттың екі жүргізушісі және №50 бағыт жүргізушісі. Тиісті шараларды қабылдау үшін заңбұзушылықтар туралы материал Астана ІІД Жергілікті полиция қызметіне жіберілді. Жергілікті полиция қызметі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырып, істі сотқа жіберді», - делінген «Астана LRT» хабарламасында.

Өз кезегінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот жүргізушілерге қатысты алты ай мерзімге көлік құралдарын басқаруға тыйым салып, үкім шығарды.

«Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаментінің негізгі қызметі - көлік тасымалдаушыларының қызмет сапасын бақылау. Сондай-ақ, департамент қызметкерлері қоғамдық көлікте жүру ақысын төлемеген жолаушылар мен жол жүру билетін бермейтін кондукторларды қадағалайды», - деп жазды компания.

Соңғы жаңалықтар