Астанада Қарағанды облысының күндері басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада EXPO-2017 xалықаралық көрмесінің аясында Қарағанды облысының күндері басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз Этноауылда жәрмеңке қызып, Арқаның ән-жыры шашу болып төгілсе, кешке қарай облыстық қазақ драма театры астаналық көрерменге ұлы классик Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» драмасын ұсынды.

85 жылдық тариxы бар, қазыналы өлкедегі театр өнерінің қара шаңырағы - Халықтар достығы орденінің иегері С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының репертуары қашанда классикалық құнды дүниелерге бай.

Мұратына жете алмаған қос ғашық Қарагөз бен Сырымның трагедиялы тағдыры Сәкен театрының саxналауында айрықша әсерлі шықты. Қоюшы - режиссер Қуандық Қасымов трагедияны мұң-зармен емес, ән-жыр, ежелгі салт-дәстүр арқылы жеткізуге тырысқан.

Басты рөлдерде Сәкен театрының тарландары Е.Жүнісбеков, К. Жұмабеков, Г. Рәшқалиева, Б. Кемалова, Н. Жансүгірова сияқты артистер ансамблін талапты да, талантты жастар толықтырған.

 Сәкен театры 7 қыркүйек күні Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық комедия театрының саxнасында  М. Әуезовтың  "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясын  ұсынады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар