Астанада қанша шетелдік тұрып жатқаны анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1 200 000-нан астам тұрғын тіркелді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде ресми түрде 1 миллион 10 мың адам тіркелген, 205 мың адам уақытша тіркеуде тұр. Біздің есептеулер бойынша, қалада тұрақты негізде кем дегенде 1 миллион 100 мың немесе 1 миллион 150 мың адам тұрады деп айтуға болады. Осы орайда мектептерге, ауруханаларға, қоғамдық көлікке және басқа да салаларға қосымша жүктеме түседі», - деді Исекешев.

Оның сөзіне қарағанда, елордада тұрақты негізде 11 796 шетелдік өмір сүріп жатыр, оның ішінде алыс шетелден - 7 239, ТМД-дан - 4 557.

Әкімнің атап өтуінше, әкімдікте Лондон, Сингапур, Дубай, Әбу-Даби секілді қалаларда қолданылатын  тәсілге ұқсас жоспар әзірленіп жатыр. Осы жоспар екі миллион тұрғынды есепке ала отырып, халықаралық стандарпен даярлануда. Оның мақсаты - қоғамдық кеңістіктердің, қажетті жол көліктерінің, мектептердің, ауруханалардың, тұрғын үй кешендерінің, саябақтардың  инфрақұрылымын дер кезінде кешенді дамуын қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар