Астанада қанға бөккен ҚПЖ қызметкері қылмыскерді ұстады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚАЖ елордалық департаментінің Сарыарқа ауданы пробация қызметінің бастығы Жақсыгелді Серғазин қанға бөгіп жүріп, қылмыскерді ұстады.

Бұл туралы ҚАЖ Астана қаласы бойынша департаментінен хабарлады.

Кешкі  сағат 11-лер шамасында Әділет подполковнигі Жақсыгелді Серғазин жұмысынан келе жатып, үйінің жанында екі белгісіз біреу соққыға жығып кетіп, қан-қан боп жатқан көршісін көреді. Бұл кезде жас жігіттер иномаркаға мініп қылмыс орнынан қашып кетуге әрекеттенген еді. Бірақ үлгермей қалды.

 «Уақыт жоғалтпай, ол бірден «102» нөміріне қоңырау шалып, өзі көліктің есігін бұғаттап, қаскүнемдерді тоқтатуға тырысты. Алайда олар күш қолданып, қарсылық көрсетті. ҚАЖ қызметкері  тең емес айқасқа көшті. Қаскүнемдердің бірі қашып кетті. Екіншісі Ж. Серғазинге үш рет пышақ тығып, машинамен сол жердегі өзге  бірнеше жеңіл көліктерді соға-моға қашып кетуге тырысты.  Қанға бөккен полполковник жарасына қарамастан, қылмыскерді ұстап қалды».

Бұл кезде оқиға орнына полиция жасағы келді. Дабылы іске қосылған көлік иелері де көмекке ұмтылды», деп атап өтті ҚАЖ Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі Бибүгіл Мұңайтпасова.

«Жақсыгелді ауруханада екі айдай жатты. Қазір сапқа қосылды. Ол қылмыскерді ұстауда ерлік көрсеткені үшін марапатқа ұсынылды», - деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар