Астанада қалдықтардан энергия өндіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада және Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша ілкі жобалар іске қосылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы бүгін ЭКСПО-2017 аумағында Астана мен Алматы облысы әкімдерінің және энергетика вице-министрінің «Оператор РОП» ЖШС, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының басшылығымен кездесуі барысында жария етілді.

 «Менің ойымша, ЭКСПО көрмесі қалалардың дамуына алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу үшін ұйымдастырылған сияқты. Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық жағдай мен жасыл технологиялардың қолданылуына ерекше мән береді. Сондықтан, қазір қала әкімдігі Астана қаласындағы қалдықтарды басқару жүйесін жаңартуды көздейтін бағдарлама жасақтады», - деп атап өтті Әсет Исекешев. 

Сондай-ақ, ол әлемдегі қалдықты басқару жүйелерінің көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанын баса айтты.

«Біз қабылдаған бағдарлама қоқысты жинау, тасымалдау, өңдеу және полигондарға көму сынды тұтас циклды қамтиды. Қала аумағы 24 бөлікке бөлінген, онда 10 мыңнан астам контейнер орнатылған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға күнделікті 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылды, мыңдаған тоннадан астам қалдық шығарылады», - дейді әкім.

Қала басшысы бағдарламаның екі кезеңде жүзеге асырылатынын атап өтті. Алғашқы кезең қазіргі қоқыс өңдеу кешендерін қосымша технологиялар енгізу жолымен жаңартуға бағытталған. Екінші кезең органикалық қалдықтарды ашыту мен қоқыс газын өңдеу арқылы 2019 жылға қарай өңдеу ауқымын 75%-ға дейін жеткізуді  көздейді.

Соңғы жаңалықтар