Астанада k-pop жұлдыздары өнер көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Корея аптағы аясында атақты «K-Culture Party» концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«K-Culture Party» концерті әдеттегі шараның шеңберінен шығып, екі елдің жоғары деңгейдегі мәдени алмасудың алаңына айналды. Концерт аясында AOA, B1A4, HIGHLIGHT атақты кәріс әртістерімен қатар қазақстандық Ninety One тобы өнер көрсетті.


«Соңғы кездері Қазақстанда корея мәдениеті аса танымалдыққа ие болып келеді. Осыған байланысты ЭКСПО аясында K-POP концертін өткізуді ұйымдастырдық. Менің ойымша, бұл шара екі елдің мәдени достығының символы болады», - деді Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің тұрақты комиссары Ким Ёнг Сам.

Соңғы жаңалықтар