Астанада хоккей матчтарының жанкүйерлеріне арнайы автобустар ұйымдастырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада хоккей матчтарының жанкүйерлеріне арнайы автобустар ұйымдастырылады. Бқл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жолдастық хоккей матчы жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету үшін 2018 жылдың 22-23 ақпанында арнайы автобустар ұйымдастырылады (кері бағытта әкететін).

Жөнелтілу орны - «Казахстан» СК тұрағы;

-Бөгенбай батыр ескерткіші алаңындағы тұрақ (Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдарының қиылысы);

-Автобустардың жүру уақыты - сағ.18:00-ден 18.30-ға дейін;

-Жеткізілетін орын - «Барыс - Арена» СК.

-Аталған автобустар жол ақысы 90 теңге, тегін жол жүру билеттері және жеңілдік билеттері жарамсыз.

Соңғы жаңалықтар