Астанада Хайвил кешенінің жанындағы құдықтың люгін басып қалсаң ашылып кетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инстаграмдағы vastane.kz тобында осындай бейнеролик жарияланды. Топқа жазылушы жіберген видеода Астанадағы Хайвил тұрғын үй кешенінің Тәуелсіздік көшесі жағынан жерасты коммуникациялық желі құдығының шойын қақпағы басқан кезде ашылып кететіні көрсетілген.

Оның шеті сынғандықтан ол құдықтың аузын толық жаппайды, керісінше сырғып кетеді. Абайламаған жүргінші люкті  басып қалса терең құдыққа түсіп кетуі мүмкін.

Роликке пікір жазушылар да осы маңнан өткенде сақ болу керектігін айтып, ескертушіге алғыс білдірген. 

Люди будьте острожны, видео от подписчика 🤔

A video posted by ASTANA|АСТАНА (@vastane.kz) on Dec 3, 2016 at 9:15am PST

Соңғы жаңалықтар