Астанада гипнозшы-алаяқ іздестіріліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан астаналықтарды гипноздау жолымен сан соқтырып жүрген алаяқтан абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар! Сақ болыңыздар және бал ашып беремін деп, кейін гипноз арқылы ақшаңды сыпырып кететін алаяқты табуға көмектесіңіздер. Жасы шамамен 40-45 жастағы әйел адам. Денесі ірі,  бойы - 165-170 см. Ұлты сыған болуы мүмкін. Үстіне көк күрте, етегі ұзын көйлек киген, шашы түссіз»,-деп жазды ол Инстаграм парақшасында.

Астана ІІД қызметкерлерінің айтуынша, күдіктіге іздеу жарияланған.

«Жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Қала тұрғындарын күдіктіні іздеуге атсалысып, алаяқтардан сақ болуға шақырамыз»,-дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар