Астанада героин сақтаған ер адам 11 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сот 11 килограмм героинды сату мақсатында сақтаған ер адамды 11 жылға соттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Астана көшелерінің бірінен Lexus GS 300 маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жүргізуші орындығының астынан полиэтиленге оралған 375,35 грамм салмақтағы героин табылды. Одан кейін азаматтың тұрғылықты жерін тексеру кезінде де сату мақсатында сақталған  жалпы салмағы 10,838 килограмм героин тәркіленді. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты ер азаматты кінәлі деп танып, 11 жыл бас бостандығынан айырды. Үкім заңдық күшіне енді. 

Соңғы жаңалықтар