Астанада «Ғарыштану» орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы №83 мектеп-гимназиясында  салтанатты түрде «Ғарыштану» ғылыми-дамыту орталығы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жаңа орталықтың лентасын кесу  құрметіне Қазғарыш өкілдері ие болды. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ вице-президенті  Бауыржан Құдабаев балаларды  KazSat-2 негізінде құрастырылған ғарыштық аппараттың моделімен таныстырды.

Мектеп директоры Сәуле Теменованың айтуынша, орталықтың мақсаты балаларды ғарыш әлемімен және ғарыштық технологиялармен таныстыру.

Оқушылар қонақтарды мектеппен таныстырып, кітапхананы көрсетті. Қазғарыш мамандары Қазақстан ғарышкерлері туралы анықтамалық кітапты сыйға тартты. 

Соңғы жаңалықтар