Астанада футзалдан «YELEU CUP» халықаралық турнирі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» спорт кешенінде футзалдан 17-ші Халықаралық «YELEU CUP» турнирі басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Астана қаласында әуесқойлар мен кәсіби топтар арасындағы жарыс 2002 жылдан бері өтіп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін жарысқа елордалық командалар ғана қатысқан, бірақ жыл сайын турнирге деген қызығушылық артып келеді және командалардың деңгейі де өскен. Бүгінгі күні «YELEU CUP» әуесқойлар арасында сыйлық қоры 1 100 000 теңгені құрайтын  ең жоғарғы деңгейлі турнирлердің біріне айналды.

Биылғы жарысқа  Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Павлодар, Петропавл және Қазақстанның басқа өңірлерінің чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанның жоғарғы лигасының командалары қатысады. Турнирде барлығы 15 команда бақ сынамақ. Қазіргі чемпион - Ақтөбеден келген «Інжу» командасы.

Жеңімпаз команданы биыл Прагада өтетін Футзал бойынша Чемпиондар лигасының жолдамасы күтіп тұр.

null 

Соңғы жаңалықтар