Астанада функционер ретінде қалыптастым - Серік Сәпиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Астана елдің жүрегінде ерекше орын алады десем артық айтпаспын. Бұл жаққа xалық республиканың түкпір-түкпірінен көшіп келіп жатады. Сондықтан бүгінде Астана елді біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын қалаға айналды. Мен өзім осы жерге бес жыл бұрын көшіп келгенмін. Сол уақыттың ішінде спортшы ретінде емес, функционер ретінде қалыптастым. Қазір депутат деген жауапты қызметті атқарып жүрмін. Бұл жерде менің спорттық қабілетімді емес, жеке қасиеттерді ашуға мүмкіндік туды", - дейді Мәжіліс депутаты Сәпиев.

Халық қалаулысы шетелден келген қонақтардың Астанаға ылғи таңқалып жүргенін қалайды. "Қазірдің өзінде ЭКСПО көрмесіне келіп жатқан шетелдік туристердің көзқарасын байқап, Қазақстанға қатысты оң пікірлерін жиі естиміз. Ұзағынан болсын! Әрине, ол үшін тыныштық пен бейбіт өмір керек. Астана шетелдің қонақтарын ғана емес, өз қазағымызды да қуанта берсін! Халықаралық саxнада мәртебесі биік болғай!", - деп атап көрсетті чемпион.

Соңғы жаңалықтар