Астанада этномәдени бірлестіктердің концерті өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Этноауыл» ұлттық этномәдени кешеннің «Ethno Music Hall» концерт залында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің «Мың тұлға» және «Өнеріміз саған - Қазақстан!» атты республикалық фестивалі өтті.

Шараны Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырды.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барша әлемге өзінің ұлтаралық келісімге қол жеткізу жөніндегі стратегиясын танытты. Әралуандылық пен бірлікті ту ете отырып, мемлекет басты күшті Қазақ халқының мәдениетін жаңғыртумен қатар еліміздегі барлық этникалық, конфессиялық топтардың арасында достық қарым-қатынас қалыптастыруға жұмылдырылды. Бұл ретте этномәдени бірлестіктердің мақсат-міндеттері бірдей болды. Оның негізінде ұлттық мәдениетті дамыту, этникааралық қарым-қатынастарды жетілдіру, халықтар арасында өзара түсіністік қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мен дамыту бойынша мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыру, тіл мен мәдениетті сақтау, тарихты зерттеу сияқты игіліктер жатты»,-деді ұйымдастырушылар.

«Мың тұлға» және «Өнеріміз саған - Қазақстан!» атты республикалық фестиваль Қазақстандағы этностардың достығын, халықтың бірлігін сақтау мен еліміздің мәдени ерекшеліктерінің әралуандылығын дамыту бағытындағы жұмыстардың көрінісі.

Аталған жобалар ұлттық мәдениеттерді, Қазақстан халықтарының тілі мен дәстүрлерін жаңғыртуға, оны сақтау мен дамытуға ықпал етпек.

Іс-шараларға еліміздің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сонымен қатар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ардақ Әлекешов, Серік Ибрагимов, Ксения Сухомазова мен «Алау» тобы сияқты өнер ұжымдары қатысады.

Соңғы жаңалықтар