Астанада Есенғали Раушановтың жыр кеші өтті

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы  «Шабыт» шығармашылық сарайында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі ақын Есенғали Раушановтың «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты кеші өтті.

  nullnull
Бұл кеш әрі Алаштың ардақты ақынының биыл мерейлі 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отыр. Кешке Маңғыстау облысының әкімі  Ералы Тоғжанов және белгілі ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Рухи кеште ақынның сөзіне жазылған әндер айтылып, театрлық  қойылымдар көрсетілді. Сонымен бірге ақының ізін қуған жастар автордың жырларын жатқа оқыды.
null 

Кеш соңында Есенғали Раушанов жұртшылыққа ыстық ықыласын білдірді. «Барлықтарыңызға көп рехмет! Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел күткен ең үлкен жаңалық болды. Н. Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес облысымызға жаңа басшы келіп, үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Оған халық куә.Осы орайда Ералы Тоғжановқа алғысымды білдіргім келеді», - деді ақын.
null

 Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері өтіп жатыр. 
null null 

Соңғы жаңалықтар