Астанада ерлі-зайыптылар бүйрегін сатқысы келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық №2 Есіл аудандық сотында адам ағзаларын сатуға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы елордада тұратын ерлі-зайыптылар интернет желісінде адам ағзасын сату туралы хабарландыру жариялаған. Екеуінің бірі - Е. есімді азамат өз бүйрегін 6 000 000 теңгеге сатпақшы болып, хабарландыру берген. Артынан, бүйректі 6 млн теңгеге сату туралы келісімшартты да рәсімдеген. Алайда ақшаны аударып беремін деген адам құқық қорғаушы болған.

«Сот шешіміне сәйкес, ерлі-зайыптылар ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойыша кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген соттың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар