Астанада ер адамды кастрациялау оқиғасы бойынша сот талқылауы қайта жалғасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ер адамды кастрациялау оқиғасы бойынша сот талқылауы қайта жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған оқиғаға қатысты күдікті ретінде айыптаушы әйел сот отырысына туыстарымен және адвокатымен бірге келді.

Еске сала кетсек, бұған дейін ер адамды кастрациялау ісі бойынша сот отырысы 2018 жылдың 23 сәуіріне қалдырылған болатын.

Аталған іс бойынша сот отырысы жабық түрде өтуде. Басты сот талқылауы елордадағы Есіл аудандық сотында 12 сәуір күні басталған еді.

Қаңтар айында 36 жастағы келіншек сүйіктісінің жыныстық мүшесін өткір затпен тілімдеп тастаған болатын. Кейінірек қансыраған ер адамды өз көлігімен ауруханаға алып барған.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған құжаттың фотосы таралды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғаннан кейін аталған іс бойынша материалдар қалалық прокуратураға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар