Астанада елдегі сот жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық технологиясын дамыту жайы талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғарғы сотта «Қазақстан Республикасы соттар жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық технологиясын дамытуды ұлттық көзқараста қалыптастыру» тақырыбына «Workshop» өтті, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Іс-шара «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде 2017-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ақпараттық-коммуникациялық технологиясының стратегиясын» әзірлеу мақсатында өткізілуде.

«Workshop» Жоғарғы соттың және Астана қаласы сотының судьялары, Департаменттің басшылығы мен қызметкерлері, Сот төрелігі академиясының ғылыми-оқытушы құрамы және магистранттары, адвокатураның, медиаторлар ассоциациясының өкілдері қатысты.

Қатысушылар әр түрлі тақырыптарымен 5 топқа бөлінді. Бұл «Стратегиялық жоспарлау», «Қылмыстық сот ісін жүргізуді автоматтандыру», «Азаматтық сот ісін жүргізуді автоматтандыру», «Әкімшілік сот ісін жүргізуді автоматтандыру», «Бизнес-процестерді қолдаушыларды автоматтандыру». Пікір-таласқа 45 адам қатысты.

Әр топ мүшелері сот жүйесінің алдында тұрған міндеттерді талқылап, әр қатысушының пікірі мен ұсыныстарын тыңдады. Қатысушылар өз қызметтерінде кездесетін ақпараттық технологияларды қолдануымен және пайдалануына байланысты мәселелерді талқылады.

«Workshop» аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар тақырыптық топтар бойынша барлық бастамалар мен ұсыныстарды жинақтады. Талдау және өңдеу жасалғаннан кейін департамент барлық бағыттар бойынша неғұрлым маңызды бастамалар тізімін қалыптастыратын болады. Бұл ұсыныстар 2017-2022 жылдарға арналған Жоғарғы сотттың ақпараттық-коммуникациялық технологиясының стратегиясына енгізілетін болады. 

 

Соңғы жаңалықтар