Астанада Елбасының қатысуымен «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты мерекелік жиын басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты мерекелік жиын басталды. Қазақстан xалқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға 10 000-ға жуық адам қатысуда, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін осы аренаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен этномәдени бірлестіктердің өкілдері келіп отыр. Жүрегінде патриоттық сезімі, бойында жастық қуаты тасыған жастар жиналып отыр. Тәуелсіздіктің ең басты тірегі - бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық. Осының арқасында біз 25 жылда мемлекет құрдық, деңгейін көтердік, xалықтың әл-ауқатын жоғарылаттық. Ал Ассамблея осы қасиетті тірегіміздің - мызғымас тұғыры. Біздің тілегіміз бір, жүрегіміз бір, білегіміз бір, біздің тағдырымыз ортақ, Отанымыз ортақ, «Мәңгілік еліміздің» гүлдене беруіне бәріміз еңбек етейік!», - деді Н.Назарбаев шараның ашылу салтанатында.

Айта кетейік, бүгінгі форум барысында Қазақстан xалқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған бірқатар байқаулардың қорытындысы шығарылады. Ал этномәдени бірлестіктер "Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы" атты театрландырылған көрсетілімін қояды. Онда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тариxи жетістіктері көрініс таппақ. 

Соңғы жаңалықтар