Астанада Елбасы Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры сыйақысының Лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сыйақы тағайындау 2008 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатыр және ол талантты қазақстандықтарды қолдау және олардың қызметін тану үшін берілетін Қордың ең құрметті марапаттарының бірі. Сыйақы байқау негізінде музыка, театр және сәулет өнері, хореография, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика, инженерлік, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар номинациялары бойынша айрықша шығармашылық жобаларына және заманауи ғылыми зерттеулерге беріледі. 10 жыл ішінде Сыйақыға 212 қазақстандық белгілі тұлғалар ие болған.

«Бүгін біздің Қор және лауреаттарымыз үшін маңызды күн. Біз өзінің дарыны, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы арқасында жеңістерге жеткен Лауреаттарымызды қошеметтеу үшін жиналдық. Біздің мемлекет дарынды жастар өзінің әлеуетін қолдана алатындай жайлы жағдай жасап отыр. Елбасы да өз сөзінде осыны бірнеше рет айтып, мемлекеттің қамқорлығына жастар Отанға адалдығымен, еңбегімен жауап берер деп сенеді. Осыған дейін 116 өтінім келіп түскен болатын. Нәтижесінде, сарапшылар 12 номинация бойынша үздік еңбектер таңдалып алынды», - дейді ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

null 

2017 жылдың қорытындысы негізінде Байқау комиссиясына мәдениет және өнер бағыттары бойынша 57 тапсырыс келсе, ғылым және техника бағыттары бойынша 59 тапсырыс келіп түскен. Қор төңірегінде жұмыс істейтін Жас ғалымдар кеңесі және Шығармашыл жастар кеңесінің мүшелерінен тұратын Байқау комиссиясының шешімі бойынша 12 номинация бойынша 21 адам ауреат атанды.

null 

Марапаттаудың салтанатты рәсімінде әрбір лауреатқа диплом, кеуде белгісі  және ақшалай сыйақы табысталды. Лауреаттарды Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова және тағы басқа белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері марапаттады.

null 

Айта кетсек, Қор Сыйлықақысының беріле бастаған уақытынан бастап 200-ден аса ғылым және мәдениет өкілдері Қордың Лауреаттары атанды. Олардың ішінде қазір әлемге танымал әнші - Димаш Құдайберген, беделді халықаралық конкурстардың лауреаты, опера әншісі - Сүндет Байғожин, танымал балет әртісі - Досжан Табылды, танымал ақын - Қалқаман Сарин, актриса - Әсел Сағатова, эстрада әншісі - Әлішер Каримов бар.

Лауреаттар тізімі

  

2017 жылдың қорытындысы бойынша мәдениет және өнер саласындағы жоғарғы жетістіктері үшін сыйлықтар алу үшін конкурстың жеңімпаздары

 

Аты жөні

Жұмыс орны, лауазымы

Сыйақы номинациясы

Нарбеков Мұрат Жамашұлы

 

«FORTE-TRIO» мемлекеттік триосының әртісі

Музыка өнері

Қазақстан Республикасының музыкалық өнеріне қосқан үлесі үшін

Рудковский Ян Станиславович

 

Өнертану магистрі, Құрманғазы атындағы ҚҰК дирижерлік ету кафедрасының аға оқытушысы

 Музыка өнері

Қазақстан Республикасының музыкалық өнеріне қосқан үлесі үшін

Сапарғалиева Жібек Ерланқызы

 

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы» РМҚК     

музыка магистрі, «Солистер академиясы» МА әртісі

Музыка өнері

Қазақстан Республикасының музыкалық өнеріне қосқан үлесі үшін

Нұртазин Есләм Серікұлы

 

Phd докторы,                              Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының аға оқытушысы

Театр өнері

Қазақстанның театр өнерін дамытуға қосқан үлесі және «Астана мюзикл» мемлекеттік театрын ашқан «Достар серті» мюзиклының қойылымы үшін сыйлық

Жанұзақ Бибігүл Жасаралықызы

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры опера труппасының солисі

Театр өнері

Республиканың мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі және Қазақстанның  Опера өнері саласындағы жоғарғы көрсеткіштері үшін

Молдағали Фархат Ерланұлы

 

С. Мұқанов атындағы «Мемлекеттік қазақ сазды-драма театрының» режиссері

Театр өнері

Солтүстік Қазақстан облысының театр өнері саласын дамытуға қосқан үлесі және  шығармашылық  жетістік-тері үшін сыйлық

Айтжанов Берік Бошенұлы

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның театр және кино актері

Кинематография

Отандық кинематографияны дамытуға қосқан үлесі үшін

Ляховская Вера Андреевна

 

«Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шолушысы

 

Журналистика (радио, телевидение, баспа)

Мәдениетке, өзекті әлеуметтік маңызды тақырыптарға арналған мақалалар сериясы үшін сыйлық

Аманбаева Алтынай Анетқызы

 

«КТК» АҚ ақпараттық бағдарламалар орталығы дирекциясының тілшісі

Журналистика (радио, телевидение, баспа)

Мәдениетке, өзекті әлеуметтік маңызды тақырыптарға арналған репортаждар сериясы үшін сыйлық

Нақыспеков Серік Жақанұлы

 

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші балет солисі

Хореографиялық өнер 

Театрдың репертуарлық спектакльдерінде солистік партияларды көрнекті орындағаны және ұлттық балет мектебін шетелде дәріптегені үшін сыйлық

Айтімбай Марат Төреханұлы

 

Қазақ ұлттық өнер университетінің магистранты  

Эстрадалық және цирк өнері

Қазақстанда және одан тысқары жерлерде әлеуметтік маңызды жобаларды дамытуға және ілгерілетуге қосқан үлесі үшін сыйлық

Оспанова Құралай Хабибуллақызы

 

 

 

 

 

Өнер магистрі, сәулетші, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің Т.К. Басенов атындағы Архитектура және құрылыс институтының «Архитектура» кафедрасының ассистенті

 

Сәулет және дизайн

Сәулет өнерінде және қолданбалы өндіріс өнерінде пайдаланылған  ұлттық өрнек түрлерін дамытудағы жоғарғы жетістіктері үшін сыйлық

Оспанова Алия Хабибуллакызы

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің Т.К. Басенов атындағы Архитектура және құрылыс институтының «Архитектура» кафедрасының магистранты 

Сәулет және дизайн

Сәулет өнерінде және қолданбалы өндіріс өнерінде пайдаланылған  ұлттық өрнек түрлерін дамытудағы жоғарғы жетістіктері үшін сыйлық

 

439540939

 

2017 жылдың қорытындысы бойынша ғылым және техника саласындағы жоғарғы жетістіктері үшін сыйлықтар алу үшін конкурстың жеңімпаздары

Физика, математика, инженерлік ғылымдар

Шевцов Александр Николаевич

Дулати атындағы ТарМУ, математика кафедрасы, доценттің м.а., Ақпараттық технологиялар факультетінің ғылым жөніндегі деканының орынбасары

 

Тұрақтылығын қима құбырларды пайдалану әсерлерін модельдеу

 

 

Әлжанова Әлия Ермекқызы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, техникалық физика кафедрасы, аға оқытушы, PhD докторы

«Жаңа наноматериал SiO2/Si негізінде»

 

 

Экология, Жер туралы ғылымдар, ауыл шаруашылығы ғылымдары

Бейшова Индира Салтанқызы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, биология және химия кафедрасы, доцент, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

 

Астық дақылдары мен  ауыл шаруашылығы малдарының ауруларын  Real-time режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісі негізінде диагностикалайтын отандық тест-жүйені әзірлеу

 

Химия, технология, техникалық ғылымдар

Бажирова Кәмшат Нұрлыбек қызы

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, PhD докторы

 

Төменгі сұрыпты фосфоритті қуат және ресурстарды үнемдеумен кешенді минералды тыңайтқыштарға қышқылсыз өңдеудің инновациялық технологиялары

 

Нұрпейісова Жансая Әбүйірқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті, аға оқытушы, PhD докторы

 

Медицинада қолданылатын гидрофильді композициялық полимерлі материалдарды құру

 

Медицина және биология

Перфильева Юлия Викторовна

М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты, аға ғылыми қызметкер, PhD докторы

 

Онкологиялық аурулардың дамуында және созылмалы қабыну процесінде иммунорегуляторлық жасушалардың рөлін зерттеу

 

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар

Түйте Елдос Ерғазыұлы

Академик Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, қазақ тілі білімі кафедрасы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты

 

«Психикалық жай-күйлер атауларының лингвостилистикалық сипаты» монография 

 

Амитов Сұлтанқожа Әбдуқадір -ұлы

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс каф, доценттің м.а., әлеуметтану ғылымының кандидаты

Қазақстандағы көші-қон процесі және оралмандардың әлеуметтік бейімделуі

 

 

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар