Астанада ЭКСПО кезінде Қанат Исламның бокс кеші өткізілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЭКСПО көрмесі өткізілген кезде Қанат Исламның бокс кеші өткізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Қанат Исламмен кездесу өткізген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Қанат Исламмен сол үшін кездесіп жатырмыз. Ондай жоспарларымыз бар. Қазір оны алдын ала айтуға әлі ерте. Бүгінгі кездесуіміздің бір мақсаты - кездесіп, рахметімізді айту, екіншіден - осы алдағы қойған жоспарларды бірігіп, іске асыру», - деді министр кездесуден соң тілшілерге берген сұхбатында.

null  

А.Мұхамедиұлы сонымен қатар Геннадий Головкинмен де келіссөздер жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

«Оны да айтуға әлі қиын. Бірақ келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бізде ЭКСПО үш ай болады. Ол үш айдың ішінде әр сайын өтіп жатса да, оның артықшылығы жоқ. Бізге осындай үлкен шараларды өткізіп, туристердің көбірек келгені жақсы», - деп түйді ойын А.Мұхамедиұлы. 

Соңғы жаңалықтар