Астанада ЭКСПО-ға орай 7 шатл-бағдары іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл экспресс-автобустардың қатынау аралығы 5-7 минуттан аспайды.

«ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу аясында үстіміздегі жылы жүріс аралығы 5-7 минуттан тұратын, жалпы саны 113 бірлікті құрайтын, 7 ShuttleBus бағыттарын іске қосу жоспарлануда», - делінген Астана әкімдігінің сайтында жарияланған Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың есебінде.

Сондай-ақ, Қабанбай батыр даңғылы, Сарайшық және Сауран көшелерінің бойымен жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын  «Bus Lane» қоғамдық көліктеріне бөлек бөлінген жолақтарды іске қосу жоспарлануда.

Еске сала кетсек, бұрын хабарланғандай 2017 жылдың мамыр айында Астанада 24 учаскеде «Bus Lane» жолақтары ендіру көзделіп отыр. Олардың жалпы ұзындығы 64,7 шақырымға жетеді. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл шара қоғамдық көліктің орташа жылдамдығын 22 пайызға артырады.

 

Соңғы жаңалықтар