Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Гватемаланың Ұлттық күні аталып өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Гватемала Республикасының Ұлттық күні аталып өтті, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Гватемала Латын Америкасы аумағындағы мемлекеттер арасында электр энергиясының өндіріс орталығы болып табылады. Бұл туралы іс-шара барысында Сыртқы істер министрлігінің көпжақты және экономикалық халықаралық қатынас жөніндегі бас директорының орынбасары Карлос Казали мәлімдеді.

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі халықтарға «Болашақ энергиясын» өндіру және дамыту үшін шығармашылық және инновациялық тұжырымдамаларын қолдануға тамаша мүмкіндік береді

«Гватемала - жаңартылатын энергия көздерін дамыту идеялары мен жобаларын көрсету арқылы Астанадағы көрменің тақырыбын дамытуға үлес қосатын елдердің бірі. Табиғи ресурстардың алуан түрлілігінің арқасында, Гватемаланың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы біздің энергетикалық салаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндіктер берді. Көршілес елдерді, сондай-ақ бүкіл су электр станцияларын сумен қамтамасыз ететін негізгі ресурс - мемлекеттегі өзендер. Гватемаланың Тынық мұхиты жағалауындағы аймақта қант құрағы плантациялары орналасқан, олар сонымен қатар, биомасса энергиясын өндіру ресурстардың бірі болып табылады», - атап өтті Карлос Казали.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой өз кезегінде Көрменің тақырыбы кездейсоқ таңдалмағандығын, «Болашақ энергиясы» Қазақстанның 2050 жылға қарай жаңартылатын энергия көздеріне көшу мақсатын көрсететінін хабарлады.
«Қазақстан Гватемаламен саяси, экономикалық, ғылыми, технологиялық және мәдени, сондай-ақ баламалы энергия көздері саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Гватемала Республикасының Ұлттық күні екі мемлекет арасында өзара тиімді екі жақты қатынасты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер беретініне кәміл сенемін», - деп қорытындылады Денсаулық вице-министрі.
Гватемала энергияның 61%-ін жаңартылатын энергия көздерінен өндіреді. Мемлекет энергиясының басым бөлігін су энергетикасы құрайды. Энергияның 57% үлесі су электр станцияларынан алынады. Сонымен қатар, елде күн, жел энергиясы мен биомасса өндіріледі.
ЭКСПО-2017 көрмесінің Латын Америкасы плазасында 8 мемлекет ұсынылған, оның ішінде Гватемала Республикасының орны ерекше. Павильон экспозициялары Көрме келушілерін мемлекеттегі жаңа технологияларымен, сондай-ақ Латын Америкасы елінің мәдениеті және тарихымен таныстырады.

Соңғы жаңалықтар