Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінің 16 «жасыл» жобасы қолданылатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық энергетика басқармасының басшысы Бақытбек Жапаев мәлім етті.

Басқарма басшысының айтуынша, оларды қолдану үшін жобалармен жұмыс басталып кеткен.

«ЭКСПО-да 140-қа жуық «жасыл» жоба таныстырылған. Оның ішінде Астанада қолдануға болатындай 16 жобаны таңдап алдық. Олардың арасында ресейлік, француздық және польшалық жобалар бар. Қазіргі таңда жобаларды инвесторлармен бірге іске асыру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Келешекте инвесторлар бізге оны ұсына алады. Тіпті жобаларды жүзеге асырып, Астанада қолдану туралы медиа-жоспар да құрылып қойды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар