Астанада екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында желдің күшеюіне байланысты екінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Бұл турлы елорда әкімдігінің сайтында хабарланды. 

Еске салайық, «Қазгидромет» РМК 24-25 қаңтар күндері туәлік бойы және 26 қаңтар түнде Астана аумағында бұрқасын соғып, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа артатынын ескерткен болатын.

Осы уақытта елордада республикалық маңыздағы «Астана-Көкшетау» автожолы, «Астана-Атбасар» күре жолы көліктің барлық түрлері үшін жабық тұр.

Сондай-ақ Ақмола облысы бойынша «Астана-Петропавл» күре жолы (18-230 шақырым аралығы Астана қаласы - Щучинск қаласы), «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» автожолы (0-82 шақырым аралығы, Жақсы ауылы - Бұзұлық ауылы), «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (232-260 шақырым аралығы,  Қостанай обл. аумағы - Сурган ауылы), «Жезқазған-Петропавл» тас жолы (377-595 шақырым аралығы, Қостанай обл. аумағы - СҚО), «Екатеринбург-Алматы» автожолы (856-1006 шақырым аралығы,  СҚО аумағы- Атбасар қ.) барлық автокөлік түрлеріне жабылды.

Соңғы жаңалықтар