Астанада джиу-джитсудың дамуына зор үлесін қосқан спортшылар марапатталды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астана қаласында еліміздегі джиу-джитсудың дамуына үлес қосқан спорт саңлақтарына «Astana Jiu-Jitsu Awards-2017» (АЈЈА) сыйлығы табысталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Astana Jiu-Jitsu Awards-2017» (АЈЈА) сыйлығы бес номинация бойынша тағайындалды. Атап айтқанда, «Ерлер арасында үздік компетитор» номинациясы қызыл күрең белбеудің иегері, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы Мансұр Хабибуллаға табыс етілді. Ал «Әйелдер арасында үздік компетитор» ретінде Ашхабад қаласында өткен Азия ойындарының қола жүлдегері, қыздардың арасында Қазақстандағы тұңғыш қызыл күрең белбеудің иегері, спорт шебері Нина Ким танылды.





«Жыл жаңалығы» номинациясы AJJA сыйлығының лауреаты болып Ашхабад қаласында өткен Азия ойындарының қола жүлдегері, Дубайдағы турнирдің алтын медаль иегері, Қазақстан чемпионы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт шебері Галина Дувановаға бұйырды. Жас спортшыларды жаттықтырып жүрген белгілі бапкер, қызыл күрең белбеудің иегері Дамир Кариев «Жыл бапкері» атанды. Ал 2017 жылы өзге өңірлерден гөрі жоғары көрсеткіштері үшін «Alliance» академиясының филиалы болып Жаркент қаласындағы өкілдік танылды.







«Джиу-джитсу -бұл өмір салты. Спорттағы дарындылық 1 ғана пайыз деп есептесек, 99 пайыз жаттығуға берілмесең ешқандай белестерді бағындыра алмайсың. Сондықтан, джиу-джитсуда ең басты қарсыласым - ол өзім екенін жақсы білемін. Алдағы уақытта биік асуларды бағындыру үшін барымды саламын», - дейді «Жыл жаңалығы» номинациясын алған Галина Дуванова.





Үздік спортшыларды Олимпиада чемпионы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев пен оның әріптесі Шаймардан Нұрымов, джиу-джитсудан әлем чемпионы Арманжан Рузахунов табыстады.



Соңғы жаңалықтар