Астанада «Домбыра Party» мен «Асық Party» өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, наурыздың 17-сі күні «Алау» мұз сарайында Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлауға арналған шаралар басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұз айдынында жаппай сырғанаудың көктемгі кезеңі «Домбыра Party» мерекелік іс-шарасымен ашылады. Аталған шара кешкі сағат 19:00-де басталады. Көктемгі сырғанау марафоны наурыздың 26-сына дейін жалғасады. Ал наурыздың 19-ы күні сағат 15:00-де  «АсықParty» ұйымдастырылады. Соның аясында асық атудан жарыстар өткізіледі. Оған  Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актерлері және «Жастар» театрының актерлері қатысады деген жоспар бар. Өз еркімен қатысатындар да өз бақтарын сынай алады. Жарыстың басты мақсаты - Ұлы мерекені ұлықтаумен қатар ұлттық ойынды дәріптеу.

Наурыздың 22-сі күні де ол жерде мерекелік шаралар өтеді. Сағат 12:00-де жазушы, синхрондық аудармашы Қамал Альпеисованың «Тұсау кесу» рәсімі, «Мұздағы алғашқы қадам», «Қыз қуу» ойындары ұйымдастырылады. Шараға «Светоч» балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар