Астанада Digital-ХҚКО ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Digital-Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы қол жеткізген жетістігімен тоқтап қалмақ емес және мынадай бағыттар бойынша жұмыстарын одан ары күшейтуді жоспарлап отыр: электронды сандық қолтаңбасын электронды қызметтер ұсыну; қызметтерді барынша белсенді ұсыну; бір өтініш принципін енгізу және эксаумақтыққа өту. Мәселен, ағымдағы жылдың сәуірінен бастап қазақстандықтар соттылығының жоқ екендігі туралы ақпаратты e-gov арқылы бір реттік кілт сөздің көмегімен электронды сандық қолтаңбасыз ала алады», - деді ол.

Оның айтуынша, мұнан бөлек, адам 27 жасқа толуына бойланысты 1 ай ішінде медициналық тексеруден өту қажеттігі және әскери билет алу қажеттігі жөнінде СМС-хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.

«Сонымен қатар, Астана қаласында ХҚКО операторының қатысуынсыз мемлекеттік қызметті автоматты түрде алатын Digital-ХҚКО енгізу жоспарлануда», -  деді Дәурен Абаев.

Айта кетерлігі, Digital-ХҚКО-да мынадай технологиялар қолданылады: азаматтардың биометриялық параметрлері арқылы автоматты түрде тексеру; виртуалды консультанттар; ақылды принтерлер; ЭЦҚ пайдалануды қажет етпейтін интерфейсі түсінікті қоғамдық қол жеткізу пункттері.

Соңғы жаңалықтар