Астанада «Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары өзіне қажетті қызметті алдағы уақытта бірыңғай Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Астанада «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі: инновациялық ұстанымдар, сынақтар мен шешімдер» атты халықаралық конференцияда «Азаматтарға арналған үкімет» МК Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлім етті. Аталған конференцияға ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге арнайы келіп отыр. Шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен бірге ұйымдастырған.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын күшейту мақсатында Цифрлық ХҚКО-ларды ашып, мемлекеттік қызмет көрсетудің белсенді қағидаттарын іске асыру көзделіп отыр. Біз цифрлық технологиялар енгізіліп жатқан ғасырда азаматтарды порталға, барлық мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ұсыну керектігін түсінеміз. Сондықтан, ХҚКО жұмысын дамытудың келесі сатысында цифрлық жүйеге өткізуді жоспарладық. Оның аясында видеороликтермен қамтамасыз ету арқылы операторлардың санын азайту көзделген. Демек, кез келген азамат Цифрлық ХҚКО-на барып, оператордың көмегінсіз мемлекеттік қызметтерге өзі қол жеткізе алатындай жағдай жасамақпыз», - дейді Абылайхан Оспанов.

Оның айтуынша, жыл соңында ілкі жоба ретінде Астанада Цифрлық ХҚКО-ның біреуі іске қосылмақ.

Соңғы жаңалықтар