Астанада бұрынғы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сот отырысы жалғасуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың №2 Алматы аудандық сотында бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяxметовке қатысты сот отырысы өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық іс бойынша "ҚР білім және ғылым нысандары дирекциясының" бас директоры Александр Пак та күдікті ретінде сот алдында жауап беруде. Олар 2011 жылы Өскеменде 700 орынға арналған машина жасаушыларды дайындау және қайта оқыту орталығы нысанының құрылысына бөлінген бюджеттік қаражатты талан-таражға салды деп күдіктелуде. Бүгінгі сот отырысында екі күдіктіден де жауап алынды. Сонымен қатар 2009-2012 жылдары Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған, бүгінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Маxметғали Сарыбеков те бірқатар сауалдарға жауап берді.

Сот отырысы 3 сағатқа жалғасты және келесі отырыс 5 сәуірге белгіленді.

Еске сала кетейік, іс 1,5 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша қозғалған аталмыш қылмыстық істі Қаржы полициясы 2013 жылы бастаған болатын.

Күдіктілер 2013 жылы мамырда қамауға алынды. Сот Астанада 15 наурызда басталды.

1 3 4 5 2  

Соңғы жаңалықтар