Астанада бойжеткен ұрлап мінген көлігімен жол апатына ұрынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері танысының жол талғамайтын көлігін айдап кеткен 23 жастағы қызды ізін суытпай ұстап алды, деп хабарлайды Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.

17 шілде күні 11 сағат 52 минутта Целиноград аудандық полиция қызметіне Астана қаласының Есіл аудандық ІІБ-ындағы әріптестерінен 23 жастағы елорда тұрғынының көлігі ұрланғандығы туралы хабарлама түсті. Жәбірленуші Қосшы ауылы маңындағы «Чистые пруды» демалыс орны аумағында екеуі бірлесіп спирттік ішімдік ішкеннен кейін танысы оның Lexus RX 350 автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткендігін мәлім еткен.

Ақмола полицейлері көлікті айдап әкеткен бойжеткенді ұстау мақсатында дереу іске кірісті. Тәртіп сақшылары оны Астана аумағында ұстады, алайда бойжеткен сол аралықта жол көлік апатын себепші болған.

Көлік біршама зардап шеккен. Жәбірленуші келтірілген шығын көлемін 30 млн теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бастап Ақмола облысында 52 көлік құралдарының ұрлану оқиғасы тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар