Астанада ботаникалық бақ ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылысы 2016 жылы басталған ботаникалық бақ 2017 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды «Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

Ботаникалық бақта ғылыми әзірлемелер жүргізіліп, танымдық, оқу-ағартушылық, көңіл көтеру, экологиялық және табиғат қорғау шаралары өткізіледі.

Бұл жерде тағамдық, техникалық, дәрілік, декоративтік өсімдіктердің экспозициялары құрылатын болады, бұлар - ағаштар, бұталар, лианалар, шөпті өсімдіктер, мүк, қына.

Елорда тұрғындары мен қонақтары ботаникалық баққа жыл бойы келе алады. Нысан 100 га ауданда Қабанбай батыр даңғылы, Түркістан көшесі, № 24 және № 26 көшелердің шекараларында орналасатын болады.

Соңғы жаңалықтар