Астанада Bloomberg телеарнасы мен кеңсесі ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада  Bloomberg телеарнасы мен кеңсесі пайда болады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» агенттігі. 

АҚШ-қа жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Нью-Йорктің бұрынғы мэрлері Рудольф Джулиани мен Майкл Блумбергпен кездесті, келіссөз барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа кездесулердің маңызды нәтижесі Астанада «Bloomberg» телеарнасы мен кеңсесін ашу туралы уағдаластық болды.

Сондай-ақ, Премьер-Министр «Chevron», «Citigroup», «WR Berkley Group», «GE Transportation», «OSI Systems», «Pfizer», «Cisco», «Robomatter Inc.»,  «IBM Watson» орталығы, «Autodesk», «Tesla Motors», «Bridge West Group», «Learn Capital», «Sound Hound», «Uber», «DFJ», «Silicon Valley Innovation Center», «Plug and Play Tech Center», «Google», «Jabil» және «Microsoft» өкілдерімен кездесті.

IT-технология, машина жасау, энергетика, өндіру, химия, тағам және өңдеуші өнеркәсіп, телекоммуникация, келешек көлігі, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау және өмір сапасын жақсарту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар