Астанада биылғы оқу жылында бірқатар білім беру нысандары пайдалануға беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Астанадағы білім саласының инфрақұрылымын дамыту үшін 1 266,9 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды elorda.info .

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Астанада екі мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар 3 мектепке жапсарлас нысандардың құрылысы аяқталып қалды. 

2017 жылғы 1 шілдеге дейінгі көрсеткіш бойынша 708,9 миллион теңге игерілген. Қаржының бір бөлігі 2017-2018 оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс №16, 32, 37 мектептерге жасарлас салынып жатқан нысандарды аяқтауға және 2 мың орындық екі мектепті (С.Сейфуллин-Ж.Омаров және А.Иманов-Е.Брусиловский көшелеріндегі мектептер) салуға жұмсалады.

2017-2018 оқу жылында 2 600 орындық мектепке жапсарлас салынған 5 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге 2018 жылы аяқталуы тиіс 6 800 орындық 6 мектептің құрылысы басталды. 4 200 орындық тағы 4 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. 2018-2019 жылдары құрылысы қарқын алатын 13 мектептің жобасы жасалып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар