Астанада бірқатар қоғамдық көліктердің бағыттары өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының қоғамдық көлік желісін жаңғырту аясында, 2017 жылдың 9 желтоқсанынан бастап, бірқатар автобус бағыттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Family Town» ТА қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында № 102 бағдардың жүру сызбасы өзгерді. Аталмыш бағыттың бастапқы нүктесі болып табылатын «Көктал-2» ТК-нен «Нұра-Есіл» каналы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, ары қарай Мәңгілік Ел даңғылы - соңғы нүкте «Family Town» ТА.

Кері бағытта, Мәңгілік Ел даңғылымен қала бағытына қарай, ары қарай ағымдағы қозғалыс үлгісі бойынша.

№ 46 бағдардың жүру сызбасы, «Қорғаныс Министрлігі» аялдамасын қозғалыс сызбасына енгізу арқылы, өзгерді. Бастапқы нүктесі «Комфорт Таун» ТК-нен Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай солға Түркістан көшесіне, оңға Достық көшесіне, ары қарай ағымдағы қозғалыс сызбасы бойынша.

Кері бағытта өзгеріссіз.

«Сарайшық» ТК ауданын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында, № 100 бағдарының жүру сызбасы өзгерді. Бастапқы нүктесі «Астана- Нұрлы Жол» теміржол вокзалынан Байтұрсынов көшесі мен Жұмабаев даңғылының қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев даңғылы, солға Қошқарбаев даңғылы, солға Аманжолов көшесіне, оңға Байтұрсынов, әрі қарай ағымдық қозғалыс үлгісіне сәйкес.

Кері бағытта ағымдағы қозғалысқа сәйкес

Соңғы жаңалықтар